Тайм менеджмент қазақша: Тайм-менеджменттің 7 алтын ережесі – Тайм-менеджмент: Эйзенхауэр матрицасы

Тайм-менеджменттің 7 алтын ережесі

тайм

Уақыт бізге еш мұқтаж емес. Ол өз кезегімен өте береді. Қуанышты сәтіңді сол күйі ұстап қалып, қайғылы шақты диск айналдырғандай өткізіп жіберу біздің қолымызда емес. Керісінше, біз уақытқа мұқтажбыз. Екінің бірінің жанына барып: «Бірер минут уақытыңызды бөле аласыз ба?» деп сұрап көріңізші. 80 пайызы уақытының аз екенін айтады. Ендеше, алтындай уақытты тиімді өткізудің 7 алтын ережесімен таныстыруды жөн көрдік.

Тайм-менеджмент

Заманауи тілмен сөйлеу сәнге айналған соң, уақытты пайдалы өткізу деген ұзын-сонар тіркес тайм-менеджмент деген кірме сөз лексиконымызға еніп кеткен. Бұл — ағылшын тілінен тікелей аударғанда «уақытты басқару» дегенді білдіреді. Бірақ, жоғарыда айтқанымыздай, уақытты басқару мүмкін емес. Яғни, тайм-менеджменттің мәні — уақытыңды тиімді пайдалану.

№1 ереже: Дұрыс еңбек ету үшін, дұрыс демалу керек

Шаршаңқы, демалысқа зәру ағзадан келер пайда аз. Ол жұмысыңыздың өнімділігін нашарлатумен ғана шектеледі. Ал, керісінше уақытылы демалып жүрген ағза болса, ауырлық пен қиыншылықтарға қарсы тұрар күшке толы болады.

Бір сәт еш нәрсені ойламай, жүрегіңіздің үнін естіп көріңіз. Не болмаса, терезеге қарап ұшқан құсқа, жауған жаңбырға қараңыз. Көзіңіз әдемілікті көрсін. Қуаныш сыйлайтын дүниенің барлығы сізді демалтады. Жан рақатына ауық-ауық бөленіп тұрамын десеңіз, осы әдісті пайдаланыңыз.

Ісімізде береке болсын десек, нәтижеге жетсек екен десек, еңбекпен қатар демалысты да ұмытпауымыз керек. Мейлі физикалық, мейлі рухани күш бізге ауырлық етеді. Ол бір жағы денсаулыққа әсер етсе, бір жағы — жұмыстың ақырын алыстатады.

— аптасына 6 күнді еңбекпен өткізіп, 1 күнін максимал жеңілдетіп көріңіз. Әрине, 5 күндік жұмыс аптасынан соң сенбі мен жексенбіде бала-шаға қамымен дүйсенбінің есік қаққанын байқамай қаламыз. Таң атса, кеш батады деп мұңымызды шағамыз тағы. Бірақ, қалауын тапса — қар жанады.

— күн сайын 12 сағат белсенді түрде қимылдап, екі сағат демалыңыз. Бір күнде 12 сағат тұрмақ, 8 сағат жұмыс істеудің өзі оңай емес. Бірақ, сізді «есекше» еңбекке салып қойғалы жатқан ешкім жоқ. Қандай да бір істі таңдап алған соң, оның соңына жетпей, дамыл таппау керек. Бірақ, арасында 30 минуттай демалып алыңыз. Айтқандай, демалыссыз жұмыс тұл. Біз белсенді түрде қозғалу үшін 14 сағатты сыйға аламыз. Ал, қалған 10 сағаты ағзаның қажеттілігін өтеуге берілген. Мәселен, тамақтану, ұйықтау, шомылу т.б процедуралар.

Жұмыс пен еңбекті кезек-кезек ауыстырудың мынадай әдістері бар:

  • 12 сағат жұмыс істеп, 2 сағат демалу;
  • 6 сағат жұмыс істеп, 1 сағат демалу;
  • 3 сағат жұмыс істеп, 30 минут демалу;
  • 1,5 сағат жұмыс істеп, 15 минут демалу;
  • 1 сағат жұмыс істеп, 10 минут демалу;
  • 30 минут жұмыс істеп, 5 минут демалу.

Бұның ғажайыбы — күніңізді бірнеше бөліктерге бөле отырып, түйені толығымен жейсіз бе, әлде жіліктейсіз бе, өзіңіз шешіңіз. Тәбетіңіздің тартуына орай, асқазанның көлеміне қарай ас таңдағандай, уақытты бөлу әдісін таңдауды да өз еркіңізге қалдырдық.

№2 ереже: Асық, асықпа? Дұрысы, жоспар құр!
Өте тез демалсаңыз, жүрегіңіз жиірек соғып кетеді. Миымыз бұдан шошып, өрт болғанда соғылатындай дабыл шақырады. Барлығын ақырын жасай бастасақ қалай болады? Ол уақытта миымыз бізді зынданға түсіп қалды, шектеліп қалды деп ойлайды.

Бұнымен айтқымыз келгені — табиғи темптен асуға тырыспаңыз. Екі жағдайда да ағзамызға келер зиян көп. Барлығын орнымен орындаңыз. Темп сақтау үшін сізге жоспар керек. Иә, жоспар құрған алғашқы апта темп сақталып, келесі аптада күлі қалатын кездер көп. Бірақ, жоспарды дұрыс құра білсеңіз, алысқа барасыз.

Жоспарды үнемі жазып жүру керек. Есіме сақтап қаламын деген бос әуре. Бүгінде қажетті-қажетсіз ақпарат көп. Радиодан жаңа естіген әуеннің бір шумағын есте сақтау үшін, оның алдындағы ақпарат ұзақ уақытқа жадыңыздан өшіп кетуі мүмкін. Ендеше, өшпейтіндей етіп жазып алыңыз.

Қолыңыздағы тізіммен жұмыс жасау өзінің нәтижесін алғашқы күні-ақ береді. Кешке қарай ертеңгі жоспарыңызды жүргізіңіз. Таңертең тізімді көріп, күніңіздің эскизін жасай аласыз. Жаңа бір іс туындаса — қосып қойыңыз. Қойын дәптеріңізді жаныңыздан бір елі тастамаңыз.

Ескертпелерді екі тәсілмен жазуға болады:

  • Қойын дәптерге;
  • Ұялы телефон не комьютердің қосымшаларына.

№3 ереже. Бас тарта білу де — өнер

Өте сыпайы түрде бас тартуды үйреніңіз. Яғни, сіздің уақытыңызды алатын, сіз үшін маңызы жоқ деген шаруамен бас қатырмаңыз. Сыпайы түрде деп айтқан себебіміз — досыңыздың өзін емес, шаруасын итеріп тұрғаныңызды ұғындырыңыз.

№4 ереже: Қажетсіз дүниеден бас тартыңыз

Сондай-ақ, уақытыңызды «жеп» жатқан құрт-істердің көзін құртыңыз. Иә, ол істер сізге ұнауы мүмкін. Бірақ, пайдасы — 0. Ол уақытта сіз тиімділікті есіңізге түсіріңіз. Бүгін бітірмеген ісіңіз сіздің беделіңізге дақ, бойыңызға артық жүк артады. Ондай қажетсіз уақытжегіштердің қатарында әлеуметтік желі көш бастап отыр. Ол үшін де арнайы уақыт бөліңіз. Себебі, заман ағымына сай темп сақтаймыз деп басында келіскенбіз. Шектен шықпай, орнымен пайдалана білсеңіз, ісіңіздің табысын арттыруда интернеттің де ықпалы үлкен.

Пайдалы уақыт, пайдалы істер және керемет нәтиже. Сіздің тайм-менеджментіңіздің негізі осы болсын!

№5 ереже: Мен үшін маңызды не? — Өзіңізден сұраңыз

Істің үлкенінен бастап кішісіне қарай ойыстаңыз. Керісінше жасаған оңай емес пе деуіңізге болады. Бірақ, таңертең адам ағзасы сергек болады. Сол себепті маңызды әрі көбірек күшті талап ететін істерді күннің бірінші бөлігінде бітіруге тырысыңыз. Қандай да бір істі бітіретін меже қоюды да ұмытпағайсыз.

Барлық істерді мынадай төрт түрге бөлуге болады:

  1. Тығыз әрі маңызды;
  2. Маңызды, бірақ асығыс емес; 
  3. Тығыз, бірақ маңызды емес;
  4. Тығыз да, маңызды да емес.

Барлық іс осы төрт типтің біріне жатады. Осыларға бөлу арқылы нысанаға дәлдеу оңайырақ болады.

№6 ереже: Уақытты бөлу арқылы жоспарлаңыз

Алдыңызда бір табақ бешбармақ тұр делік. Қанша қарныңыз ашса да, бір өзіңіз тауысып бітіре алмайтыныңыз сөзсіз. Күніне аз-маздап бөліп жейсіз. Осы секілді, барлық көлемді істеріңізді кішкене бөлшектерге бөліп үйреніңіз. Әр кішкене бөлшектің нәтижесі оң болған сайын, ісіңізге деген құлшыныс пайда болады.

№7 ереже: Өткен іске өкін(бе)?

Уақыт бізге берілген мүмкіндік. Оны бос өткізуден асқан қателік те, өкініш те жоқ. Сол себепті, бос уақытыңыз шыға қалса, оны да тиімді пайдалануға жұмсаңыз. Тым құрығанда рухани азық беретін, тынықтыратын іспен өткізіңіз. Әсем әуен тыңдаңыз, серуендеңіз. Әйтсе де, жоспардан ауытқымаңыз.

Бос уақыттарыңыздың салмағын өлшеу үшін, күніңіздің қалай өткеннін саралау үшін сізге есеп бере білу керек. Ұлы Абай айтқан әдісті өзіңіз де білетін боларсыз?! Күніне бір, ол қолыңыздан келмесе — айына бір есеп беріңіз. Осы арқылы ішкі бейнеңізді айнадан көргендей боласыз.

Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:«Өмірін қалай өткізгені, ілімін қайда жұмсағаны, мал-мүлкін қайдан тауып, қай жаққа салғаны және тәнін қалай қолданғаны жайлы пенде жауапқа тартылмайынша қиямет күні аяғын аттап баспайды» (Тирмизи). Ендеше, әр сәтіңізді бекер өткізбеңіз. Уақытыңыз ысырап болмасын!

Тайм-менеджмент: Эйзенхауэр матрицасы

Тайм-менеджмент: Эйзенхауэр матрицасы

АҚШ-тың 34-і президенті Дуайт Дэвид Эйзенхауэрдың қолы ешқашан босамаған. Ол бүкіл шаруаға үлгеріп, 24 сағаттың қадіріне жету үшін өзінің уақыт басқару үлгісін ойлап тапқан. Бүгінде ол Эйзенхауэрдың матрицасы немесе приоритеттер матрицасы деп аталады.

Эйзенхауэр матрицасының мәні неде?

Эйзенхауэр матрицасына сай шұғыл жасалынатын шаруа мен асығуды қажет етпейтін шаруалардың ара-жігін ажыратып алу шарт. Жоспарлаған дүниенің шұғыл немесе шұғыл емес болуына байланысты категорияларға үлестіру қажет. Ол үшін қағазға төрт бұрыш салып, төрт бөлікке бөлеміз.

Тайм-менеджмент: Эйзенхауэр матрицасы

 

Эйзенхауэр төрт бұрышымен қалай жұмыс жасаймыз?

 

1. Маңызды шұғыл шаруалар. Қанша шұғыл және маңызды шаруаларды осы бөлікке кіргізер едіңіз? Алғашында бұл тізімде ұзақ болуы ықтимал. Уақыт өте ешнәрсе қалмаса, сіз Эйзенхауэр әдісімен дұрыс жұмыс жасап жатырсыз деген сөз. Ал, егер керісінше бұл бөлікте жасалуы керек шұғыл шаруалар шаш-етектен болса, онда бір кедергі бары анық. Ол еріншектік, енжарлық болуы мүмкін. Жалпы, маңызды шұғыл шаруалардың атқарылмай, жиналып қалуы адамды психикалық, физикалық тұрғыдан шаршатып жіберуі мүмкін.

 

2. Маңызды, бірақ шұғыл емес шаруалар. Эйзенхауэр өзінің тайм-менеджмент жүйесін құрастырғанда дәл осы категорияға басымдық берген. Себебі осы бөлікке шаруаны жазып, оны атқарып тастау – жоспарды мүлтіксіз орындау дегенді білдіреді. Мысалы, уақытылы дәрігерге көріну көптеген аурулардың алдын-алуға негіз бола алады. Сонымен қатар студенттік диплом жұмысын жазуға ертерек кірісу қателерді түзеп шығуға мүмкіндік береді.

 

3. Маңызды емес, бірақ шұғыл шаруалар. Бұл жерге Эйзенхауэр тиімді жұмыс жасауға кедергі келтіретін шаруаларды жазуға кеңес береді. Мысалы, компьютерді жөндеу, керек-жарақты сатып алу дегендей.

 

4. Маңызды да, шұғыл да емес шаруалар. Кейде бір жұмысқа кіріспес үшін өзімізді алдаусыратып жасайтын шаруаларды Эйзенхауэр осы бөлікке жатқызған. Мысалы, телефонмен ұзақ әңгімелесу, телехикаяларды қарау, хат-хабарлама жазу, әлеуметтік желі жаңалықтарын тексеру жұмыстары. Мұның бәрі шұғыл шаруа емес. Сонымен қатар маңызды да емес. Алайда адам уақытты жұтып қоятын осы шаруалармен айналысқанды жақсы көреді.

Эйзенхауэрдың төрт бұрышымен дұрыс жұмыс жасаудың кеңестері: 

  • Әр бөлікке шаруаларды жазып қойып, оларды нөмірлеңіз. Ең бірінші кезекте шұғыл және маңызды шаруаларға білек сыбана кірісіңіз;
  • Бар назарыңыз 2-ші бөлікке аусын. Шұғыл емес, бірақ маңызды шаруалар шұғыл және маңызды шаруалардың бөліміне ауыстырылса, ешнәрсе етпейді. Дегенмен қайта-қайта орындарды ауыстыра беру дұрыс емес;
  • Алдыңызға ұзақ мерзімді мақсат қоя біліңіз. Оған жету үшін қажет дүниелердің бірін қалдырмай жазып шығыңыз. Ойға алған шаруаларды бөлікке сай төрт бұрыш ішіне орналастырыңыз;
  • Ойды іске асыру барысында ұсақ-түйек болмашы дүниелерге назар аударып, уақыт жоғалтпаңыз. Сәт сайын пошта тексеру, ұялы телефон шұқылау сізге табыс әкелмес.

50 жыл бұрын президент Эйзенхауэр ойлап тапқан матрицаның адамзатқа берері көп. Бастысы көзбояушылықтан ада болыңыз. Шындап кірісіңіз. Өз мақсатыңызға, арманыңызға адал болсаңыз, тайм-менеджменттің арқасында бәрі іске асатыны сөзсіз.

Тайм-менеджмент: Эйзенхауэр матрицасы — Balbal

АҚШ-тың 34-і президенті Дуайт Дэвид Эйзенхауэрдың қолы ешқашан босамаған. Ол бүкіл шаруаға үлгеріп, 24 сағаттың қадіріне жету үшін өзінің уақыт басқару үлгісін ойлап тапқан. Бүгінде ол Эйзенхауэрдың матрицасы немесе приоритеттер матрицасы деп аталады.

Эйзенхауэр матрицасының мағынасы неде?

Эйзенхауэр матрицасына сай шұғыл жасалынатын шаруа мен асығуды қажет етпейтін шаруалардың ара-жігін ажыратып алу шарт. Жоспарлаған дүниенің шұғыл немесе шұғыл емес болуына байланысты категорияларға үлестіру қажет. Ол үшін қағазға төрт бұрыш салып, төрт бөлікке бөлеміз:

  • 1 бөлік (A): Маңызды шұғыл шаруалар
  • 2 бөлік (B): Маңызды, бірақ аса шұғыл емес шаруалар
  • 3 бөлік (C): Маңызды емес, бірақ шұғыл шаруалар
  • 4 бөлік (D): Маңызды да, шұғыл да емес шаруалар

Эйзенхауэр төрт бұрышымен қалай жұмыс жасаймыз?

  • Маңызды шұғыл шаруалар.Қанша шұғыл және маңызды шаруаларды осы бөлікке кіргізер едіңіз? Алғашында бұл тізімде ұзақ болуы ықтимал. Уақыт өте ешнәрсе қалмаса, сіз Эйзенхауэр әдісімен дұрыс жұмыс жасап жатырсыз деген сөз. Ал, егер керісінше бұл бөлікте жасалуы керек шұғыл шаруалар шаш-етектен болса, онда бір кедергі бары анық. Ол еріншектік, енжарлық болуы мүмкін. Жалпы, маңызды шұғыл шаруалардың атқарылмай, жиналып қалуы адамды психикалық, физикалық тұрғыдан шаршатып жіберуі мүмкін.
  • Маңызды, бірақ шұғыл емес шаруалар.Эйзенхауэр өзінің тайм-менеджмент жүйесін құрастырғанда дәл осы категорияға басымдық берген. Себебі осы бөлікке шаруаны жазып, оны атқарып тастау – жоспарды мүлтіксіз орындау дегенді білдіреді. Мысалы, уақытылы дәрігерге көріну көптеген аурулардың алдын-алуға негіз бола алады. Сонымен қатар студенттік диплом жұмысын жазуға ертерек кірісу қателерді түзеп шығуға мүмкіндік береді.
  • Маңызды емес, бірақ шұғыл шаруалар.Бұл жерге Эйзенхауэр тиімді жұмыс жасауға кедергі келтіретін шаруаларды жазуға кеңес береді. Мысалы, компьютерді жөндеу, керек-жарақты сатып алу дегендей.
  • Маңызды да, шұғыл да емес шаруалар. Кейде бір жұмысқа кіріспес үшін өзімізді алдаусыратып жасайтын шаруаларды Эйзенхауэр осы бөлікке жатқызған. Мысалы, телефонмен ұзақ әңгімелесу, телехикаяларды қарау, хат-хабарлама жазу, әлеуметтік желі жаңалықтарын тексеру жұмыстары. Мұның бәрі шұғыл шаруа емес. Сонымен қатар маңызды да емес. Алайда адам уақытты жұтып қоятын осы шаруалармен айналысқанды жақсы көреді.

Эйзенхауэрдың төрт бұрышымен дұрыс жұмыс жасаудың кеңестері: 

  • Әр бөлікке шаруаларды жазып қойып, оларды нөмірлеңіз. Ең бірінші кезекте шұғыл және маңызды шаруаларға білек сыбана кірісіңіз;
  • Бар назарыңыз 2-ші бөлікке аусын. Шұғыл емес, бірақ маңызды шаруалар шұғыл және маңызды шаруалардың бөліміне ауыстырылса, ешнәрсе етпейді. Дегенмен қайта-қайта орындарды ауыстыра беру дұрыс емес;
  • Алдыңызға ұзақ мерзімді мақсат қоя біліңіз. Оған жету үшін қажет дүниелердің бірін қалдырмай жазып шығыңыз. Ойға алған шаруаларды бөлікке сай төрт бұрыш ішіне орналастырыңыз;
  • Ойды іске асыру барысында ұсақ-түйек болмашы дүниелерге назар аударып, уақыт жоғалтпаңыз. Сәт сайын пошта тексеру, ұялы телефон шұқылау сізге табыс әкелмес.

50 жыл бұрын президент Эйзенхауэр ойлап тапқан матрицаның адамзатқа берері көп. Бастысы көзбояушылықтан ада болыңыз. Шындап кірісіңіз. Өз мақсатыңызға, арманыңызға адал болсаңыз, тайм-менеджменттің арқасында бәрі іске асатыны сөзсіз.

 

Тайм менеджмент немесе уақыт үнемдеу

Тайм менеджмент немесе уақыт үнемдеу

Тайм-менеджмент жайлы ойлануға уақыт келді: уақытты бағалауды және бір минут болсын уақытты босқа жоғалтпауды үйрену қажет. Бір мақаланы оқи салып, тайм-менеджмент дағдысын меңгеріп алу, әрине мүмкін емес. Алайда жүріс-тұрысыңызға қажетті түзетулер енгізу мен назар аударуға тұрарлық тұстарды анықтауға әбден болады. 

Бұл мақалада біз сіздерге тайм-менеджмент бойынша 8 практикалық кеңес береміз. Ұсынылатын кеңестер оңай әрі күнделікті өмірде өте қажетті.

Кеңес 1. Әдеттеріңіз бен шұғылданатын істеріңізді анықтап алыңыз

Ол үшін 1-2 апта бойы күнделікті атқаратын тірліктерді белгілеп отыратын күнделік арнаңыз немесе ұялы телефоныңызға жазып жүріңіз. Тек жұмыс, мерекелік шаралар, әңгіме-дүкен мен кездесулерді ғана жазып қоймай, ойларыңызды да түртіп отырыңыз. Бұл сіздің уақытыңыздың қайда кетіп жатқанын және күні бойы қанша іс атқаратыныңызды анықтауға көмектеседі.

Сонымен қатар, бұл әдіс — ешқандай пайда әкелмейтін істерді анықтауға да ықпалын тигізеді. Мысалы, әріптесіңізбен ауа райы жайлы әңгімелесу, қызық емес телебағдарламаларды қарау және т.б.

Кеңес 2. Жоспарлаумен айналысу

Күндік жоспарыңыз толығымен дайын болмағанша, жұмыс күніңізді бастамаңыз. Іс-шараларыңызды кешкісін немесе жұмыс уақыты басталмас бұрын жоспарлаңыз.

Жоспарланған істеріңіздің кемінде жартысы нақты нәтиже алуға бағытталған болсын.

Маңызды істеріңізге (ойлануға, іс-шараларға) нақты уақыт қойыңыз. Қашан басталып және қашан аяқталатын уақыттарын анықтаңыз.

Жетістікке әкелмейтін жұмыстарыңызға (іс-шараларға, кездесулерге) уақыт шектеуін қойыңыз.

Кеңес 3. Демалуды да ұмытпаңыз

Күндік жоспар құру барысында демалуға уақыт бөлуді де ұмытпаңыз. Ол тек түскі ас үзілісі ғана емес, 15 минуттық кофе-брейк те болуы мүмкін немесе жарты сағаттық тынығу (тыныштықта босаңсу — тек жеке кабинетіңіз болса ғана мүмкін).

Кеңес 4. Өзіңмен-өзің қалу

Мысалы, маңызды мәселемен айналысу кезінде кабинет есігіне «Мазаламаңдар» тақташасын іліп қойыңыз. Хатшыңызды шұғыл жұмыс кезінде ешкіммен байланыстырмауын және ешкімге кіруге рұқсат бермеуін ескертіп қойыңыз.

Кеңес 5. Біртекті жұмыстарды топтарға біріктіріңіз

Айналысып отырғаныңыздың бәрін тастап, жаңа ғана келген электронды поштаңызды оқуға көшпеңіз. Тап осылай, сізге телефон арқылы хабарлаған проблемаларды бірден шешуге кіріспеңіз. Есіңізде болсын, тіпті аса жедел істер де 15 минут күте алады, ал шұғыл еместері онсыз да…

Телефон келіссөздеріне, хабарламаларды оқуға (электронды поштаны), есептеулер жүргізуге және басқа осындай біртекті жұмыстарға арнайы уақыт бөліңіз. Жасалған график уақытын сақтауға тырысыңыз.

Кеңес 6. Жетістік жайлы ойлаңыз

Кез келген жұмысты бастамас бұрын, оның қалай аяқталғанын қалар едіңіз соны ойланыңыз. Тапсырманың орындалуынан нені күтесіз? Тіпті, бұл жұмысқа не үшін кірістіңіз?

Мысалы, сіз біреуге телефон соқпақшысыз. Қоңырау қандай нәтиже бермек? Не себепті телефон соғып отырғаныңызды ішіңізден талдаңыз.

Кеңес 7. Жаман әдетеріңіз бар ма? 

Компьютердегі артық ұяшықтарды (ойын, әлеуметтік желілер, ойын-сауық порталдар, ақпарат сайттары және тағы басқа қажеті жоқ беттер) жабыңыз. Егер шылым шегетін болсаңыз маңызды жұмыс барысында одан бас тартыңыз: 1-2 сағат темекі шекпесеңіз өліп қалмайсыз. Дәлізде кездейсоқ кездескен әріптестеріңізбен әңгіме-дүкен құрмаңыз. Алдағы демалыста не істейтініңіз жайлы армандамаңыз. Жалпы айтқанда, сізді аз уақытқа болса да алаңдататын нәрселерден аулақ болыңыз.

Кеңес 8. Бәрін бірден үлгеруге ұмтылмаңыз

Барлық істі тындыру мүмкін емес: бір жұмысты орындаған абзал, содан соң кезекке жаңасы келеді. Естеріңізде болсын, жетістіктің сыры санда емес, сапада: «асықпаған арбамен қоян алады», — дейді атам қазақ.

«20% атқарылған іс 80% нәтиже береді» деген Парето заңын да естен шығармаңыздар. 

P.S. Уақытты шығындамаңыз, оның әрбір секундын бағалай білуді үйреніңіз. Сонда ғана өмір сүрудің оңай да жағымды екенін байқайсыз.

Форумда талқылау

Сурет jangl.name сайтынан алынған

Тайм-менеджмент немесе уақытыңды тиімді басқару 14/90

Тайм-менеджмент немесе уақытыңды тиімді басқару 14/90

Өткен блогтардың бірінде Таңшолпан Мұратқызы экспериментімнің алғашқы апталарын қалай жоспарлағаным туралы сұраған болатын. Келесі бір блогта ол туралы егжей-тегжейлі жауап беруге уәде еткенмін. Сол уәдемді орындамақшымын.

housewife1

Табиғатымнан өте жалқау адаммын. Орыстар айтпақшы, «Пингвин- өте тәкаппар құс. Теппейінше, ұшпайды», мен де сол пингвин секілді өзімді қинап, күш-жігерімді жинап алдыма қойған мақсатыма әрең жетемін. Таңғаларлығы, жалқау бола тұра, өзіме жүктелген тапсырманы күн демей, түн демей бітіремін. Ал егер сол тапсырманы жүктейтін адам-өзің, нәтижесі өзіңнің өміріңе байланысты болса, не істеу қажет?

penguin

Осындай кездері маған тайм-менеджмент (ағ. time management) көмектеседі.

Қазіргі шапшаң өмір ағымы мен қатаң цейтнот кімді болсын эмоциялық күйзеліске ұшыратпай қоймайды. Өз кезегінде ол сіздің жұмыс істеу нәтижелілігіңіз бен жалпы өмір сүру сапаңызға қатты әсер етеді.

Табысты адамдар, тіпті бәлкім кейбір таныстарыңыз қалай бәріне үлгереді деген сұрақ қойған шығарсыз?! Оларда да тәулігіне 24 сағат, сізде де 24 сағат. Бұл уақытыңды тиімді басқарып, басым тапсырмаларды тез әрі уақытында орындаудан басталады. 

Жоспарлау мен істерді ойлауды ӘРҚАШАН қағазға жазыңыз. Ақпараттар легі заманында мида барлық қажетті істеріңіз бен ақпаратты сақтау мүмкін емес.

Істерді 4 типі бойынша бөліп қарастыруға болады, ол Эйзенхауер әдісі деп аталады.

1. Шұғыл және маңызды. Бұл істерді ертеңге қалдыруға БОЛМАЙДЫ, сондықтан жылдам кіріскеніңіз жөн.

2. Маңызды, бірақ шұғыл емес. Бұл істерді шұғыл емес деп ертеңге қалдыруға болмайды, себебі болашақта қиындықтар туғызуы мүмкін. Мүмкіндігінше ерте орындағыныңыз жөн.

3. Шұғыл, бірақ маңызды емес. Бұндай істермен айналысу жұмыс өнімділігіне еш әсер етпейді. Нәтижесі де көрінбейді. Сондықтан, мүмкіншілігіңізге қарай, осындай істер санын азайтып, не мүлдем алып тастаған жөн.

4. Шұғыл да, маңызды да емес. Істердің бұл түрімен айналысудың қажеті жоқ. Сондықтан оп-оңай тізіміңізден сызып тастасаңыз болады. 

Тағы атап кететін жайт, ол Абай атамыз айтпақшы, «… Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме..» («Сенбе жұртқа» өлеңінің тармағы). Яғни теледидар көре тұрайын, интернетте отыра тұрайын деп алтын уақытыңызды сарп етпеңіз. Өз-өзіңе «ЖОҚ» айтып үйрену де пайдалы.  

Кішкентайымнан түрлі-түрлі блокноттар, дәптерлер ұстағанды ұнатамын. Блог жазарда қашан жазамын деген мәселе туындаған жоқ. Себебі, күнделікті маңызды, әрі шұғыл шаруаларымды жазып жүремін.

Жазбаларым келесідей (қараңғы мезгілде түсіргендіктен, сапасы нашарлау, айып етпессіздер).

Мысалы, бүгінгі күнімнің жоспары:

книга2

Аптаның жоспарын былай жасаймын:

книга3

Апта ішінде немесе келесі апта жоспарына шұғыл шаруалар тізімін қоса беремін. Бұндай таза парақтарды интернеттен оп-оңай таба аласыздар.

Ал жеке ойларым мен кітаптардан алынған қанатты сөздерді өзімнің сүйікті блокнотыма жазамын. книга4Қорытындылай келе, тепе-теңдік қағидатын ұмытпаған жөн. Яғни жұмыстағы (оқудағы, тағысын тағылар) уақыт сапасы мен отбасыңызға бөлетін уақыт тең болуы қажет. Қандай шаруа болмасын, Сіз және отбасыңыз бірінші орында тұруы шарт. Сондықтан уақытыңызды басқарып, өміріңіздің сапасын арттыру үшін тынбай жұмыс істеуіңіз қажет.

Тайм-менеджмент: Уақытыңызды дұрыс жоспарлаңыз — Balbal

Тайм-менеджмент уақытты дұрыс жоспарлау дегенді білдіреді. Яғни, бұл әдіс арқылы барлық жоспарлаған жұмыстарыңызды уақытында орындап үлгеруге мүмкіндік аласыз. Егер әрдайым кешігіп, басыңыз қатқан болса, Balbal.kz ұсынған кеңестер жиынтығын кәдеңізге жаратыңыз.

Ең алдымен, уақытыңыздың көбін қайда жұмсайтыныңызды анықтаңыз. Ол үшін күнделікті немен айналысатыныңызды жазып отырыңыз. Бір қағазға жасаған жұмыстарыңызды, іс-әрекеттеріңізді түртіп, кешке қарай сараптама жасаңыз. Уақытыңыздың біразын текке құртып жатуыңыз әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік желіге, достарыңызбен бос әңгімеге немесе ұйқыға кеткен уақытты пайдамен өткізуге болатынын түсінесіз.

Жұмысқа бар ынтаңызбен кірісіңіз. Белгілі бір тапсырманы орындау үшін бар назарыңызды, ойыңызды соған аударып, тек соны аяқтауға талпыныңыз. Телефонға келген қоңырау мен желідегі жаңа хаттарға мән бермес үшін оларды өзіңізден алыстау ұстаңыз. Басқа бөлмеге немесе сөмкеңізге салып қойыңыз. Сол тапсырманы орындамайынша, орныңыздан тұрмаңыз. Тіпті, шөлдеп бара жатсаңыз да тапжылмай жұмысқа беріліңіз.

Күнделікті бір іспен айналысуға міндетті емес екеніңізді түсініңіз. Өзіңізге уақыттың жетпейтіні де содан. Бір күн үй жинамасаңыз, ештеңе етпейді. Ертең-ақ жинап үлгересіз. Үнемі белгілі бір жоспармен жүру — ішпыстырарлық, оған қоса уақытыңызды аямайды. Сол себептен, үйдегі жұмысыңызды, басқа да шаруаларды аптаның әр күніне бөліп тастаңыз. Сонда күніне 1-2 сағат артылып, өзіңізге көңіл бөлуге болады.

Көп міндетті мойныңызға іле бермеңіз. Кеңсенің жылдық есебін жасау керек, үйге азық-түлік алу бар, сыныптастардың кездесуін ұйымдастыру да сіздің мойныңызда. Иә… Мұндай кестемен барлығына бірдей үлгеру мүмкін емес. Нәтижесінде барлық шаруаны суға батырасыз. Түсініңіз сіз — робот емессіз! Сол себепті, жұмыста болсын, үйде болсын күніне 2-3 шаруа жоспарлап, сол жоспарды ғана орындаңыз.

Маңыздылыққа мән беріңіз. Жасау керек жұмыстарыңызды маңыздылық бойынша сұрыптап, ең маңызды дегендерге бірінші кезекте кірісіңіз. Маңыздылығы аз немесе аса қажеті жоқ шаруаларды ысырып қойсаңыз болады. Тіпті, өшіріп тастасаңыз да ештеңе етпес. Бастысы —маңыздылығын дұрыс анықтау. Қалай анықтайтыныңызды білу үшін Эйзенхауэр матрицасына көз жүгіртіп шығыңыз.

Өміріңізді жеңілдетіңіз. Коммуналды төлемдер, су, жарық сынды шоттарды ғаламтор арқылы төлеуге тырысыңыз. Кезекте тұрғанда, метрода, түскі асқа үзіліс кезінде ұялыңыздың 1-2 пернесін басу арқылы жасауға болатын жұмыстарды үйреніп алыңыз. Ол уақытыңызды біраз үнемдейді.

Біздің кеңестер сізге көмектеседі деген сенімдеміз. Сәттілік, құрметті оқырман!

Ертеңге қалдырма: Тайм-менеджмент жайлы 3 кітап

Ертеңге қалдырма: Тайм-менеджмент жайлы 3 кітап

Ақпараттық жүк, прокрастинация – бәрінде болған, мүмкін әлі де бар жағдай. Мұндайда мығым тайм-менеджмент көмектесе алады. Massaget тайм-менеджментке қатысты пайдалының бәрі бар 3 кітапты ұсынады.

«Тайм-менеджмент», Брайан Трейси

Ертеңге қалдырма: Тайм-менеджмент жайлы 3 кітап

Кітап тайм-менеджменттің 21 техникасын ұсынады. Кітап қоңыраулар мен хабарламаларға жауап беріп үлгеруге, қажеті шамалы кездесулерден бас тартуды, маңызды дүниелерге мән беруге, басымдығы жоғары жұмыстарды анықтап үйренуге көмектеседі.

Кітаптан үзінді: 

«Мақсаттарыңызға, жоспар құруға күніне 30 минутыңызды бөліңіз»

«Ереже былай: жоспарлауға кеткен әр минут, орындауға кеткен әр он минутты үнемдейді»

«Тайм-менеджер қолындағы ең мықты құрал – алдағы 24 сағатқа жоспарланған шаруалар тізімі».

«Уақыт тұзағы», Алек Маккензи & Пэт Никерсон

Ертеңге қалдырма: Тайм-менеджмент жайлы 3 кітап

Кітап көп ақпаратты қабылдап, істерді реттеуге үйретеді. Авторлар ұсынған әдіс-тәсілдер жұмысты өнімді істеуге, уақытты жейтін істерден арылуға көмектеседі.

Кітаптан үзінді:

«Бірнеше істі қатар істеу – өнімсіз. Бәріне үлгеремін деп мен жұмыстың сапасына нұқсан келтіре бастадым. Кейін тек бір іске зейін қойып, оны сапалы әрі жылдам істеуге машықтала бастадым. Егер бітпей кеткен жұмыс болса, бірнеше бөлімге бөліп тастайтын болдым».

«Прокрастинация шешімі. Тайм-менеджментке кіріспе», Тимоти Пичил

Ертеңге қалдырма: Тайм-менеджмент жайлы 3 кітап

Кітап біз неге өз мақсатымызға өзіміз кедергі келтіреміз деген сұраққа жауап береді, прокрастинациямен, уақытпен күресуге емес, оған көмектесуге шақырады. 

Кітаптан үзінді:

«Прокрастинация — бұл өз өміріңді басқара алмау»

«Мақсатты кейінге қалдыра отырып, өмірді де кейінге қалдыратынымызды түсінейік»

«Ерік-жігер – өлшеулі ресурс, оны ақылмен пайдалану керек».